«Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Успен аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының м.а. Е.Қожабергенов, кеңсе меңгерушісі М.Абдиев және сот мамандары қатысты.
Сот төрағасы іс-шараны аша отырып, өз баяндамасында ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті.
Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымдарындағы қызметті тең басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталған.
Дөңгелек үстелге қатысушылар  әйел адамдардың отбасылық–тұрмыстағы зорлық, сондай-ақ неке бұзу және алимент өндіріп алу туралы істер бойынша құқықтарын қорғау тақырыптарын талқылады.

Қайнар: 
Успен аудандық сотының баспасөз қызметі