Кабелді теледидар желісіне санкциясыз қосылу үшін жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы Ақсу қалалық сотымен «АЛМА-ТВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің азамат О-ға қатысты залал сомасын өндіру жөніндегі азаматтық іс қарастырылды. Талап арыз толық қанағаттандырылды, сонымен қатар ҚР АПК-нің 109 бабына сәйкес сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын, 341 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж салығын және 636 теңге мөлшерінде пошта шығындарын, өндірді.

Азамат О. пәтердің иесі бола тұрып, бірнеше рет «АЛМА-ТВ» кабелді теледидар желісіне санкциясыз қосылғаны сотпен анықталды. Талапкер бес рет келіп, желіні қалпына келтіру үшін материалдар жұмсады. Қосылу салдарынан келтірілген залал мөлшері 11390 теңге құрады.

Сот отырысында талапкер «АЛМА-ТВ» ЖШС Ақсу қаласы бойынша кабелді теледидар қызметін ұсынады, ал жауапкер азамат О. талапкердің қызметінің тұтунушысы болып келмейтіндігі анықталды.

ҚР АК-нің 188 бабының 4 бөлігіне сәйкес меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметі