Качир аудандық сотында ауданда медиацияны дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Качир аудандық сотында сот төрағасы М.Араповтың, «Қазахстан Республикасы ардагерлер ұйымы» ҚБ  филиалының төрайымы Л.Балютинаның және Качир аудан орталығының бірінші ардагерлер ұйымының төрағаларының қатысуымен  «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» аудан аумағында медиацияны дамытуға және ардагерлердің кәсіптік емес медиаторлар қатарына өтуіне арналды.

Өзің сөз сөйлеуінде М.Арапов медиаторлардың халықпен жұмыс атқаруын қамтамассыз ету мақсатында аудан әкімшілігі және ауыл округі әкімшіліктер ғимаратында медиация кабинеттері ашылғанына назар аударды. Ол қатысушыларға қазіргі таңда медиаторлардың ролі өте маңызды, себебі ол ауданда тұрақтылықты нығайтуға көмектеседі, тараптардың дауласуын азайтады, дауды (жанжалды) екі тарапқа бірдей тиімді шешу вариантарына қол жеткізеді, күнкөрісі төмен отбасыларды қорғайды, сонымен қатар сот жүктемесін азайтатындығын түсіндірді.

Іс-шара аталған тақырып бойынша туындайтын өзекті мәселелерді талқылаумен аяқталды. Осы тақырып «Қазахстан Республикасы ардагерлер ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы Л.Балютинаны қызықтырды, ол осы тақырыпты әрі қарай жалғастыруды ұсынды, анығында келесіде ауылдық округтердің ардагерлерімен кездесуді ұйымдастыруды ұсынды.

Қайнар: 
Качир аудандық сотының баспасөз қызметі