Качир аудандық сотында сот процессін уақытында бастау мәселесі бойынша кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Качир аудандық сотында судьялар және сот мамандарының қатысуымен сот ісін жүргізуді уақытында бастау мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Качир аудандық сотының судьясы Д.Көдек кеңеске қатысушыларды қазіргі таңда барлық сот процестері  дыбыс-бейне жазбасы аппаратын қолданумен өткізілетінін ақпараттандырды. Сот отырысын жазып алу іс жүргізуде сот талқылау барысын дәл бекіту үшін, сонымен қатар,  қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс жүргізуінде нақты деректерді дұрыс белгілеу қолданылады. Соған байланысты, кеңеске қатысушыларға қатан түрде сот отырыстарын уақытында өткізу мен тағайындауды нұсқады.  

Қайнар: 
Качир аудандық сотының баспасөз қызметі