Качир аудандық сотында заңсыз ағаш кесу мәселесі бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Качир аудандық соты жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен ҚР ҚК 340 бабы 2 бөлігінде көрсетілгендей қылмыстық теріс қылық жасаған И. азаматқа қатысты іс бойынша брифинг өткізді.

Азамат И. орман заңнамасының талаптарын бұзып, ерекше қорғалатын территорияда арнайы рұқсатнамалық құжатсыз жас ағаштарды заңсыз кесіп, «Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша Максимо-Горьковское мекемесі» ММ-не материалдық шығын келтірген.

Құқық бұзушы қоршаған ортаға залал келтіргенін мойындап, барлық материалдық шығындардың есесін қайтарды.

Сот қаулысымен азамат И. жәбірленушімен келісімге келуіне байланысты ҚР ҚК 68 бабы 3 бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Аталмыш әрекет бұрын әкімшілік құқық бұзушылық санатында болса, ағымдағы жылдың басынан қылмыстық теріс қылықтардың біріне қосылды.

Сот төрағасы бұндай заңсыз әрекеттердің жиілеп кеткендігін алға тартып, белсенді түрде алдын алу шараларын күшейту қажеттігін ескертті.

Қайнар: 
Качир аудандық сотының баспасөз қызметі