Качир аудандық сотының төрағасы аудан аумағында медиацияны дамыту мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы » ҚБ-нің өкілдерімен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Качир аудандық сотында  аудан аумағында медиацияны дамыту мәселелері бойынша  «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Качир  қоғамдық бірлестік филиалының өкілі Л.Балютинамен Качир аудандық сотының төрағасы М.Араповпен кездесу өткізілді.

Сот төрағасы М.Арапов өзінің сөз сөйлеуінде халыққа медиация туралы заңды қолдану бойынша халыққа түсінік беру қажеттілігіне назар аударды. Қатысушылар Качир ауданы бойынша кәсіби емес медиаторлардың тізімімен таныстырылды.

Сондай-ақ, сот төрағасы медиация рәсімін қолдану және медиаторлардың халықпен тығыз байланыста жұмыс атқаруын қамтамассыз етуге және осы бағыттағы қызметті әрі қарай жалғастыру үшін Качир ауданы әкімшілігі ғимаратында және ауыл округі әкімшіліктерінде медиаторлар кабинеттерінің ашылғанын назарға алды.  

Іс-шара аталған тақырыпқа қатысты мәселелерді талқылаумен аяқталды.

Қайнар: 
Качир аудандық сотының баспасөз қызметі