Қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс бітімгершілік келісіммен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық сотында талапкер азаматша А-ның жауапкер М-дан  қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысының барысында анықталғандай, 2016 жылғы қарашасында жауапкер М. талапкер А-ның жеке дүкенінен 32 493 теңге құрайтын азық-түлік алып оны қараша айының сонына дейін жабуға міндетенеді. Алайда 2016 жылдың қараша айынан бастап осы күнге дейін қарыз ақысы уақытылы төленбегендігіне байланысты 32 493 теңге көлемінде қарыз жиналған.

Талапкер өз құқықтарын қорғау мақсатында  32 493 теңге көлемінде  қарызды, адвокаттық қызметін және мемлекетік бажды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот тараптар бітімгершілік келісімге келгендігіне байланысты, азаматтық істі келесі жағдайларға сәйкес қысқартты: жауапкер талапкердің талап арызын мойындап, қарызды 2017 жылдың 25 қазанға дейін төлеуге міндеттенеді. Талапкер өз кезегінде талап арыздан бас тартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Май аудандық баспасөз қызметті