Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ертіс аудандық сотында судья Д.Нұржанованың, прокурор ААбильдинаның,  аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Кабиденованың, Павлодар облысы әділет Департаментінің Ертіс аумақтық бөлімінің жетекшісі Г.Сарсенбаеваның  қатысуымен «Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді. 

Судья Д.Нұржанова әйелдердің белсенді экономикалық рөлі отбасы мен қоғамда әйелдердің мәртебесінің объективті жоғарылауына әкелді және қазақстандық қоғамдағы отбасылардың жаңа гендерлік моделін қалыптастыратынын белгілеп өтті. Мемлекет гендерлік жобалардың бастамашысы, Қазақстан  20-дан астам адам құқықтары бойынша, оның ішінде жыныстардың арасындағы теңқұқылықты, сонымен қатар әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған түрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы болып табылады.

Семинарға қатысушылар Қазақстан тарихындағы гендерлік рөлдердің өзгеруін талқылады.

Қайнар: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі