«КЕДЕРГІ ОҢ ЖАҚТАН»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы Май аудандық сотымен жүргізуші М.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 468 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралған, ол «Ваз-2106» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып екі жолдың қиылысында, оң жақтан қозғалып келе жатқан «Нива» маркалы автокөлігіне жол бермеген, оның салдарынан соқтығыс жасаған және өзінің автокөлігінде отырған жолаушылардың денсаулығына жеңіл түрдегі зиян, ал «Нива» автокөлігінің жеке меншік иесіне материалдық залал келтірген.

Сот отырысында жүргізуші М. өзінің кінәсін мойындап және келесідей түсініктеме берді, ол оң жақтан қозғалып келе жатқан автокөлікті көргенде жылдамдығын тежеген, алайда соқтығысқа жол берген. Осы қиылыста жол белгілерінің болмауына байланысты, ол қай жол басты екенін білмеген.

Сот қаулысымен М. ҚР ӘҚБтК-нің 468 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп табылған, оған қатысты 15 АЕК мөлшерінде, яғни 27780 теңге айыппұл және бір жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы жаза тағайындалған.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі