Кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Успен аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын талқылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық құқық қорғау органның қызметкері,  Успен аудандық Прокуроры, БҚО «ЖасТалап» жетекшісі, сот кызметшісі қатысты.

Шараның мақсаты қатысушыларды Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен таныстыру болды.

Сот судьясы А.А.Курмантаев Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерге тоқтай келе, аталған кодекс 73-1, 73-2 баптарымен толықтырылып, бұрын денсаулыққа қасақана зиян келтіру белгілерімен Қылмыстық кодексте болған баптар әкімшілік істер санатына көшірілгенін атап өтті.

«Дөңгелек үстелді» қорытындылай келе, қатысушылар аталған тақырып бойынша басқа да өзекті мәселерді талқылап, ҚР заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізу туралы ұсыныстар жөнінде пікір алмасты.

Қайнар: 
Успен аудандық сотының баспасөз қызметі