Әкімшілік соттың судьялары Әдеп кодексінің жобасын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Судьяларының кезектен тыс қабылдауы VІІ-съездінде жоспарланған, судьялар мінез-құлық ережесі мен Әдеп кодексінің қағидалары жобасын талқылауға арналған семинар өткізілді.

Өзінің сөз сөйлеуінде сот төрағасы Н.Есенжолов аталған кодексте судьялардың мінез-құлық және этикалық қағидалары нақты баяндалғанын, олар халақаралық стандарттарға сай келетінін белгілеп өтті, сондай-ақ, қазіргі уақытта судьялардың моралдық келбетіне қоғам талаптары айтарлықтай жоғарлағанына назар аударды. Сол себепті бұл кезеңде сот жүйесін реформалау кезеңінде Әдеп кодексін қабылдау уақытылы және қажет, себебі Кодекс жобасы судьянің моральдық келбеті мен жоғарғы кәсіпкерлігін қалыптастыруына бағытталған.     

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, ортақ ұсыныстар әзірленді.

Қайнар: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі