Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзып, көрсетілген мерзімде ел аумағынан шығудан бас тартқаны үшін  Ресей Федерациясының азаматы С.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, С. автобустан қалып қою себебінен, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпегенін түсіндірді.

Сот қаулысымен С. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде мемлекет пайдасына 31 815 теңге құрайтын он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі