ҚР «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын талқылау бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ертіс аудандық сотының судьясы Д. Нұржанованың, прокуратура қызметкерлерінің, адвокаттардың, сот қызметкерлерінің қатысуымен ҚР «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын талқылау бойынша семинар өткізілді.
2015 жылдың 18 қараша күні Мемлекет басшысымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған жаңа Заң қабылданды. Осы Заң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жаңа түсініктерін енгізеді, сыбайлас жемқорлықты алдын-алу саласындағы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу субъектілернінің әрекетін реттеу бойынша негізгі өкілеттіліктері бар өкілетті орган анықталады.   
Семинар қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша басты бағыттар жеткізілді.

Қайнар: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі