«ҚР ҰЯО» РМК ҚЫЗМЕТКЕРІ КІНӘСІЗ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 357-1 бабы 1 бөлігі бойынша Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментімен қозғалған «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бөлім басшысы азамат Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Істің мән-жайына сүйенетін болсақ, Қазақстан Республикасы жаңа технология және индустрия министрлігінің атом энергетикасы бойынша комитетінің тапсырысымен 1А КИР «Байкал-1» ДГП ИАЭ ҚР ҰЯО РМК алаңының аумағында Май ауданының шегінде Курчатов қаласының маңында радиоактивті қоқыстары бар контейнерлерді сақтауға арналған алаң салынған. Бірақта тапсырыс беруші уақытымен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органын объект құрылысының басталғаны туралы хабарламаған және соңғыға осы факті туралы құрылыс аяқталған соң белгілі болған.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау бойынша облыс департаменті нақты жағдайда «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бөлім басшысын оның объект тапсырысшысы болып табылмайтындығына қарамастан кінәлі деп анықтаған. Алайда сот отырысында жауапқа тартылған адам мемлекеттік органның осындай ұстанымымен келіспеген.

Сот талқылау барысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органының лауазымды адамдар тарапынан іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалаған фактілері анықталды, атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жауапқа тартылған адамның қатысуынсыз толтырылған және ол үшін қол таңбаны басқа адам қойған, тағайындалған құрылыс объектісін тексеру шын мәнінде жүргізілмеген, алайда актілерде нақты жерге барғандары туралы көрсетілген. Сонымен қатар, сот тапсырыс беруші орталық мемлекеттік орган - Атом энергиясы бойынша комитетінің, бағынысты ұйым-«ҚР ҰЯО» РМК қызметкерін жауапты деп көрсеткенін негізсіз деп санайды.

Сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 357-1 бабы 1 бөлігі бойынша «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК қызметкеріне қатысты әкімшілік іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өндірістен қысқартылған.

Іс қарау қортындысымен сот әкімшілік іс бойынша ҚР ҚК-нің 348 бабы 1-2 бөлігінде көрсетілген қылмыс құрамы бар дәлелдемелерді бұрмалаған фактісі бойынша жеке қаулы шығарған және іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысының прокурорына жолдаған.

Сот қаулысы заңды күшіне енді. Жеке қаулыға шағым берілген.

Май аудандық сотының
баспасөз қызметі