Құқық бұзушылармен күрес жалғасуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының азаматы П.-ға қатысты іс қаралады.

Ол баласынының бағуына алименттің, яғни табыстың барлық көріністерінің ¼ бөлігін талап етушінің пайдасына өндіру туралы сот шешімін орындамаған.

Сот қаулысы бойынша құқықбұзушы П. ҚР ӘҚБтК-тің 524 бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған  аталған бапта қарастырылған жазаға сәйкес он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 18 520 (он сегіз мың бес жүз жиырма) теңгені құрайтын айппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі