Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Качир аудандық сотында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабы 2 бөлігі 3 тармағы (ұрлық, қоймаға заңсыз кіріп,бөтен мүлікті жасырын ұрлау) бойынша айыпталушы азамат С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. 2017 жылғы 20 маусым күні түнгі сағат 02.00-дер шамасында «Семенов» ШҚ-ның территориясында қоймаға заңсыз кіріп, қоймадан 13 қап бидайды жасырын ұрлап кеткен. Осы қылығымен жәбірленушіге 39 000 (отыз тоғыз мың) теңге шығын келтірген.

«Медиация туралы» Заңның 37 бабына сәйкес, медиатордың қатысуымен сотталушы мен жәбірленушінің арасында бітімгершілік рәсімдері жүргізілді, оның нәтижесінде тараптар келісімге келді және С.-ны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Медиациялық келісім жасалғанына байланысты сотталушы С. ҚР ҚК 68 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Качир аудандық сотының баспасөз қызметі