Мас күйінде темекіні тартып, темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың ақпан айында Шарбақты аудандық сотымен 1968 жылы туған В. Подорожныйға қатысты әкімшілік іс қарастырылды. Ол мас күйінде Шарбақты ауылы Западная көшесінде темекіні тартып, темекі тұқылын тастауға белгіленбеген жерге тастады.

Сот отырысында В. Подорожный өз кінәсін толық мойындады, жасағанына өкінді және жақын маңда урна таппағанын түсіндірді. Осындай бұзушылықтарды ендігәрі жасамайтынын міндеттеді.

Одан ертерек, 2014 жылдың қаңтар айында сот Подорожныйға қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындады, ол қоғамдық орнында өзінің табиғи қажеттіліктерін жасады.

Қоғамдық орынды ластау күйіндегі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, бір жыл ішінде біркелкі әкімшілік құқық бұзушылық қайталағаны үшін сот Подорожныйды ҚР ӘҚБтК 330 бабының 2 бөлімі бойынша айыпты деп танып оған әкімшілік жаза ретінде 3 (үш) тәулікке қамау тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Шарбақты аудандық сотының
баспасөз-қызметі