Май аудандық сотында хат-хабарларды жөнелтудің тәртібі жөнінде семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық сотында мамандардың қатысуларымен «Хат-хабарларды жөнелтудің тәртібі» тақырыбымен семинарлық оқу өткізілді.

Сот кеңсесінің бас маманы З.Жүнісбаева семинарға қатысушыларға, тараптарға хабарламалар жолдағанда аудандық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу жөніндегі Ережені, сондай-ақ, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың пошта байланысы арқылы жіберілетін құжаттарының тізімдемесін басшылыққа алу керектігін айтып өтті.

Сонымен бірге, баяндамашы аудандық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу жөніндегі Ереженің 74 тармағына сай сот хабарламалары мен шақыру қағаздары пошта, шабарман, телеграф, телефон, ұялы телефонның абоненттік номері немесе электрондық адрес, электрондық құжат айналымы жүйесі, басқа да хабарламалардың, шақыру қағаздарының адресатқа жеткізілгенін дәлелдейтін байланыс құралдары арқылы жіберілетіндігін түсіндірді.

Ал, хабарламалардың түрін таңдауда сотқа шақырылып отырған адамның келуіне кепіл болатын және оларды негізсіз қайталап жолдауды болдырмайтын жағдайды ескеру қажет деді.

Сот шығындарын мейлінше азайту мақсатында процессуалдық мүмкіндіктерді пайдаланып, сотқа шақыру қағаздары мен басқа да сот корреспонденцияларын бөлек жіберуді болдырмау керек.

Сөз соңында, мамандардың назарлары күнделікті жұмыста жоғарыда келтірілген Ереженің талаптарын қатаң сақтауға аударылды.

Қайнар: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі