Май аудандық сотында әкімшілік заңнамада медиацияны қолдану бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық сотында «Әкімшілік заңнамада медиацияны қолдану» атты тақырыбына семинар өткізілді. Семинарға соттың төрағасы, прокуратура өкілдері, Май ауданының ІІБ  учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова өзінің сөз сөйлеуінде, сотқа отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылықтармен байланысты әкімшілік істер түсетінін белгілеп өтті, яғни құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетуге әкелетін әрекеттер.

Семинар қатысушыларына аталған санаттағы әкімшілік істерді құрастыру кезінде Май ауданының ІІБ учаскелік инспекторларымен құқықбұзушы мен жәбірленішіге медиатордың қатысуымен екі жақты келісімге келуді ұсынуға болатындығы жайлы түсінік берілді.
Семинар барысында қатысушылар ӘҚБтК 73 бабы бойынша (отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқыққа қарсы әрекеттер) медиацияны жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды талқылап, пікір алысты.

Қайнар: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі