Май аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін талқылау» тақырыбында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенованың «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін талқылау» атты тақырыбында брифинг өткізді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен жергілікті аудандық «Шамшырақ» газетінің тілшісі А.Карімов қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова өз сөзінде, осы жылы қолданысқа енген Азаматтық процестік Кодексі азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін соттың тиімді қорғауына бағытталып, дауларды қарастыру және шешу сапасын тездететіні туралы айтты. Сондай-ақ, сот ісін жүргізуді жеңілдету мақсатында қысқартылған өндірістің жаңа түрі-оңайлатылған іс-жүргізу тәртібі енгізілгеніне тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған жаңа кодекс бойынша оңайлатылған іс-жүргізу тәртібімен қаралатын істер санаттарының қатары көбейтілгені, талап арызды сот өндірісіне қабылдау,оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен талап арыздарды қарау,істерді қарау мерзімі, сонымен қатар, оңайлатылған іс-жүргізу тәртібінің азаматтық істі қарау барысындағы ерекшеліктері мен мазмұны атап көрсетілді.

Шара соңында сот төрағасы жергілікті тілшінін қызулық танытқан сұрақтарына жауап бере отырып, аталған оңайлатылған іс-жүргізу тәртібі мәселелерін талқылап өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі