Май аудандық сотындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы сәуірдің 7-де Май аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы Е.И.Идиров, прокуратура, ішкі істер органдары, әділет басқармасы, салық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің лауазымды адамдары, сонымен бірге сот қызметкерлері қатысты.

Талқыланған сұрақтар дөңгелек үстелге қатысушылар арасында қызығушылық танытты. Талқылау барысында әкімшілік істер бойынша хаттаманы және оған қосылатын құжаттарды дұрыс толтыруға қатысты сұрақтар қозғалды. Атап айтқанда сот кеңсе меңгерушісімен өкілетті органдарға қатысты әкімшілік істерді рәсімдеу сұрақтары бойынша ескертулер айтылды.

Қайнар: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі