Май ауданы Көктөбе ауылында ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабтары бойынша әкімшілік істер қараудың практикасын талқылап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық соты аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында прокуратура, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметтері өкілдерінің қатысуымен «Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту» атты өзекті тақырыпқа «кездесу» өтті.

Сот төрағасы Ұлжан Рахимбергенова «кездесуды» аша келе, қорытынды сот актісін орындалмауы әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке алып соғатынын атап өтті. Сот шешімін орындамағаны үшін санкциялары айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін әкеледі. Алайда сот актілерін орындалмағаны үшін жаза тек құқықбұзушылық үшін төлемді ғана көздейді, бірақ міндеттемелердің орындалуына кепілдік бермейді. 2017 жылдың 9 айы есебі бойынша Май аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша 14 әкімшілік іс қаралған, ал 2016 жылы жылдың 9 айында осы бап бойынша - 18 әкімшілік іс қараған.«Сонымен бірге, сот актілерінің орындалу мәселесі көп нәрсені талап етеді», - деп атап өтті.

Май аудандық прокуратурасының прокуроры С.Жақубаева өзінің баяндамасында сот шешімдерін орындамаудың басты себебі ол борышкерлердің өздерінің жауапсыздығы, олар сот шешімдерінің орындалмауы заңда көзделген жауапкершілікке әкелетінін түсінбейді.

Пікірталас барысында ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі талқыланды, әсіресе полиция қызметкерлері мен сот приставтарының хаттама әзірлеу сапасына назар аударылды. Сонымен қатар, соттардың жеке ұйғарымдарын тиісті түрде орындау қажеттілігі көрсетілді.

«Кездесу» соңында сот актілерінің орындау мәселелерін бұдан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданған болатын.

Қайнар: 
Май аудандтық сотының баспасөз қызметі