Павлодар қалалық соты азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы азаматтық істі қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотымен талапкер Д.-ның азаматты әрекетке қыбілетсіз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Талапкер өзінің жұбайы болып табылатын 1963 жылы туған азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануды сұрайды.

Амбулаторлық комиссиялық сот-психиатриялық сараптаманың қортындысына сәйкес, азамат З. психикалық бұзумен науқастанған, «бас миының тамырының ауруына байланысты тұлғаның жүріс-тұрысы мен тұлғасының органикалық бұзылуы». Азамат З. өзінің деңсаулығына байланысты өзінің әрекеттерінің мәнін түсінбейді, басқара алмайды, өз-өзіне күтім жасай алмайды. Қамқоршылықты ресімдеуді қажет етеді.    

Сот отырысында талапкердің қасақана азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану әрекеті анықталған жоқ. Сот З.-ны әрекетке қабілетсіз деп таныды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі