Павлодар қаласының әкімшілік сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі, «Сауалнама өткізу» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі «Сауалнама өткізу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға кеңсе меңгерушісі М.А. Негметжанова және полиция учаскелік инспекторлары қатысты.

Семинарды өткізу барысында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисін нығайту бойынша сұрақтар талқыланды.

Кеңсе меңгерушісі М.А. Негметжанова өз баяндауында «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сотқа пайдаланушының электрондық цифрлық қолтанбасымен расталған электрондық құжаттарды үйден немесе кеңседен шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытында ұсынуға болатыны туралы айтты. Сотқа қатысушылар - «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылар арасында сауалнама өткізіледі.

Іс-шараның соңында қатысушылар «Сот кабинеті» сервисін пайдалану туралы пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі