Павлодар облыстық соты 2017 жылғы 1 жарты жылдығына сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеңес жұмысына Жоғарғы Сот Кеңесінің (ЖСК) төрағасы Анатолий Смолин, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов кеңес жұмысын аша отырып, Ұлт Жоспарын орындау барысында жүзеге асырылған сот-құқықтық жаңашылдықтар сот қызметін жоғары сапалы деңгейге арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Есептік кезеңде аумақ соттарымен сот төрелігін жүзеге асыру сапасының деңгейін жетілдірілгені туралы хабардар етті.

Облыстық сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин мен Бахытбек Беғалиев қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөнінде сот жұмысының қорытындысы бойынша толығырақ атап өтті.

Спикерлердің ақпараты бойынша 2017 жылғы 6 айында Павлодар облысы соттарына 1 154 қылмыстық іс түсті. Сот ісін жүргізумен 1 179 іс аяқталды. Үкім шығарумен 813 тұлғаға қатысты 715 іс қаралып, оның ішінде 800 тұлға сотталды және 13 тұлға ақталды.

Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде 305 іс қаралды, ал 2016 жылдың тақылеттес кезеңінде 262 іс қаралды. Аталған көрсеткіштің артуы 8,6%-ды құрайды. Бірінші саты соттарымен сот төрелігін жолдау сапасы 1,8%-ға жақсарды. 

Есептік кезеңде азаматтық істер бойынша 26 886 іс пен арыз түсті. Іс жүргізумен 25 977 іс аяқталды. Шешім шығарумен 10 354 іс аяқталды. Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде қаралған істердің саны арта түсті (3554 іс  2016 жылға 3159 іс).

Талап арыз іс жүргізуінде аяқталған азаматтық істер санынан 3,2%-ға және қысқартылған істер санынан 24,7%-ға медиация тәртібінде аяқталған азаматтық істердің артуы байқалады.

2017 жылға 6 айға медиация тәртібінде тараптардың татуласуымен 658 әкімшілік іс қаралды. Аталған көрсеткіш 1,3%-ға артты.

Азаматтық іс бойынша шығарылған жеке ұйғарымдар 2,1 есе өсті. Қылмыстық істер бойынша 1,6 есе, әкімшілік істер бойынша1,1 өсті.

Сондай-ақ сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін 20 тұлға тартылды.

Сот әдебі бойынша комиссия жұмысы туралы облыстық соттың судьясы Бердығұл Тиштыбаев сөз сөйледі.

Соттар әкімшісі жұмысының нәтижесімен басшы Сағит Ахметбеков бөлісті.

 

 

Жұмыс қорытындысын өткізе отырып А.Смолин жаңартылған жағдайындағы заңнамасындағы сот жүйесі қызметінің кейбір мәселесіне тоқталып кетті. Атап айтқанда, 30 жасқа дейін судьялыққа үміткерлер үшін біліктілік жасының артуы туралы, байқау қатысушыларымен сот лауазымына

Іс-шара соңында ЖСК-нің төрағасымен 12 пәтерлер мен 6 көліктен кілттерді салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орынға Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұролла Есенжолов ие болды, екінші орын – Ақсу қалалық сотының судьясы Ринат Құрманғалиев, үшінші – Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы – Ғалым Қалдаров.

Ауыр істер бойынша медиация тәртібінде дауларды шешкені үшін құрмет грамоталарымен Ақтоғай аудандық сотының судьясы Әсел Қабрашова, Павлодар қалалық сотының судьясы – Динара Жетпісова; медиация тәртібінде дауларды шешу бойынша үздік көрсеткіштер үшін – Баянауыл аудандық сотының төрағасы Дулат Салатов, Павлодар және Екібастұз қалалық сотының судьялары Гүлім Асанова мен Нұрлан Қаиырбеков марапатталды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі