Павлодар облыстық соты Тәуелсіздік күнін атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Павлодар облыстық сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға облыстық сот төрағасы Ә.Қаженов, облыс төрағалары мен судьялары, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Адал және мінсіз қызметімен көзге түскен Павлодар облысының сот қызметкерлері мерекеге орай марапатталды.

ҚР ЖС Төрағасының Өкімімен III  дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы Н.Жолдасбеков пен В.Фриман, II дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Ақсу қалалық сотының төрайымы Қ.Темірова марапатталды.

«Судьялар Одағының Құрметті мүшесі» төсбелгілерімен сот жүйесінің ардагерлері Ж.Аганасова, Қ.Амзенов, Н.Шалдаев, Т.Очир құрметтелді.

ҚР Судьялар Одағы Орталық Кеңесінің алғыс хаттарымен облыстық сот судьялары Б.Тоқтарова, Г.Гаипова, А.Тоғымбетова, Павлодар қалалық сотының төрағасы Т.Тағажай, сот судьялары Ә.Сайран, А.Тыртықаева марапатталды.

Судьялар Одағы Павлодар филиалының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары В.Качан, Ж.Нұрғалиева, Б.Төлеубаев, К.Бәкенова, Е.Ерболатов, Ғ.Рахматулинаға табысталды.

Кеш соңы музыкалық колледж тәрбиеленушілері ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі