Павлодар облыстық сотында балалар мүддесінде азаматтық сот ісін жүргізудегі өзекті мәселелерді «дөңгелек үстелде» талқылап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының Аймақтық оқу орталығының негізінде «Балалар мүддесінде азаматтық сот ісін жүргізудегі өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев, Павлодар қаласы Әкімінің орынбасары Саян Мұқанов, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Комиссияның, білім беру бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, сарапшылар-психологтар, медиаторлар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары қатысты.

Іс-шара модераторы Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марина Иванова болды.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысын аша келе, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.Бегалиев кәмелетке толмағандар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі болып жарияланды.

 «Балаға ыңтымақтастық сот төрелігін іске асыруда судьялар да басты рөл атқарады. Әрбір баламен бірге мазасызданып, оған өз пікірін еркін білдіру мүмкіндігін беру үшін оның ар-намысын құрметтеу қажет», - деп айтты Б.Бегалиев.

Кәмелетке толмағандарды девианттық мінез-құлығы бар балалар үшін арнайы білім беру ұйымдарына жіберу, балаларды асырап алуға беру туралы істер қараудың, бөлек тұратын ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау сотқа дейінгі реттеудің, бала-ата-аналық қатынастардың сот психологиялық сараптаманың проблемалық мәселелері талқыланды. 

Алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімін шұғыл орындау қажеттілігі мәселелеріне ерекше көңіл аударылды, Павлодар облысы жеке сот орындаушылары Аймақтық палата назары атқару парақтарының дәлелсіз қайтару жағдайларына аударылды.

Балалар мүддесіндегі медиация институтының дамуы туралы ювеналды соттың судьялары, сондай-ақ Павлодар облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясы жанындағы медиация орталығының басшысы Ольга Николашина бөлісті.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындылары бойынша іс-шара қатысушылары балалар мүддесіндегі ювеналды әділет жүйесінің барлық буындарының жұмысы туралы пікірлерімен және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстармен алмасты.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі