Павлодар облыстық сотында облыстық үйлестіруші-судьялары мен баспасөз хатшылары үшін семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстың үйлестіруші-судьяларының ақпараттық жұмысы мен сот жүйесінің қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын қалыптастыру мақсатында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар жұмысына облыстық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіруші-судья А.Тоғымбетова, аудандық және оған теңестірілген соттардың үйлестіруші-судьялары мен баспасөз хатшылары, «31 арна» республикалық телеарнасының журналисті Ә.Әлмұхамбетова, Павлодар қаласы Білім беру Бөлімінің әдіскері қатысты.

Білім беру Бөлімінің әдіскері Варвара Даирбаева облыстық соттың үйлестірушілері мен баспасөз қызметкерлерін теория мен тәжірибе жүзінде пресс-релиздерді құрастыруға және сұхбат беру мен көпшілік алдында сөз сөйлеу негізінде үйретті.

Шақырылған журналист Әлия Әлмұхамбетова БАҚ-пен қарым-қатынастың сәтті өтуі бойынша шеберлік сабағымен бөлісіп, журналистерді не қызықтыратынын айтып өтіп, БАҚ-пен қатынасқан кезде әдеттегі қателіктердің мысалын келтірді, сонымен қатар, соттарда пресс-конференцияларды өткізу және дайындау ұсынымдарымен бөлісті.

Семинар барысында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимаратында келушілерге арналған өткізу және объектшілік режимдерді қамтамассыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету бойынша Департаментінің бірлескен бұйрығы талқыланды, оған сәйкес семинарға қатысушылар  журналистерді олардың жұмыс құрылғыларымен сот отырысы залдарына қызметтік куәлікті көрсетуі бойынша кіргізу қажет деген пікірге келді.

Нәтижесінде, тараптар өздеріне көптеген жаңалықтар ашты. Семинар-тренинг соңында қатысушылар БАҚ пен соттардың әрі қарай әрекеттесуін жақсартуға әкелетін ұсынымдарды мақұлдады.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі