Павлодар облысы соттар Әкімшісі басшысының орынбасары «Сот кабинеті» ақпараттық сервистің жаңалықтары туралы масс-медиа өкілдерін хабардар етті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот жүйесінің ақпараттық технологияларын қолдануды насихаттау мен хабардар ету мақсатында ағымдағы жылдың 16 қазанда орталық коммуникация Аумақтық Қызметі Павлодар филиалының аумағында Павлодар облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары Гульстан Темирова «Сот кабинеті» сервистің жаңалықтарын түсіндіру» тақырыбына брифинг өткізді.

Іс-шараны аша отырып Г. Темирова, 2014 жылы енгізілген «Сот кабинеті» сервисі бүгінгі күнге сот іс жүргізудің барлық бағыттарда электронды нұсқада 50-ге жуық қызмет түрін береді, деп белгіледі.

Брифинг барысында спикерде сервистің енгізілген жаңалықтарын белгіледі.

«Ағымдағы жылдың қазан айынан IOS, Android және Windows Phone платформаларында «Сот кабинеті» мобильді бағдарлама әзірленді. Азаматтарда «Сот кабинетінің» мобильді түрі арқылы республика сот жүйесінің жаңалықтарын қарау, тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты табу, бұрын сот органдарына жолданған құжаттарды қарау және смартфонға жүктеу мүмкіндігімен олардың мәртебелерін қадағалау, күнтізбелікте оқиғаларды құру. «Сот кабинеті» сервисінің тіркелген қолданушыларға сотқа электронды түрде сенімхатты жолдау мүмкіндікті беретін, «Электрондық сенімхат» қызметі әзірленді»- деп, Г.Темирова айтты.

Көрсетілген статистикаға сай, Павлодар облысының соттарына 40 мың берілген арыздардан, 39 567 (98,8%) «Сот кабинеті» сервисі арқылы берілді.

Г.Темированың ойы бойынша, инновациялық технологиялар қағаздық құжат айналымын төмендету және біраз уақыт сақтауға мүмкіндік береді.

Іс-шараның соңында спикер барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі