Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтар мен заңды тұлғаларды «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі айрықшылығымен таныстыру үшін ашық есік күні өтті.

Соттың кеңсе меңгерушісі Г.Ж.Жанабекова азаматтар мен заңты тұлғалармен кездесу барысында олардың мәліметіне сот қызметінің тиімділігі, айқындығы мен қол жетімділігінің тәсілі болып келетін ақпараттық технологияларды қолдану саласын кеңейту және сот жүйесін дамыту бойынша өткізілген іс шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында «Сот кабинеті» ақпараттық электрондық сервисі іске қосылғанын жеткізді. Берілген сервистің тиімділігі компьютер, ЭЦП және интернеттің болған кезінде ол тәуліктің әр уақытында сотқа арыз, шағым және басқа құжаттарды тапсыра алады. Осының бәрі өтініштерді тапсыру процесін жеңілдетіп, азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осы сервисті қолданушы өзің жүгінуі бойынша барлық әрекеттерді қадағалауға мүмкіндік алады, яғыни қабылдау, тіркеу және істі тындау жөнінде хабарлама бойынша сот актілері мен сот отырыс хаттамаларымен үйден шықпай таныса алады.

Ашық есік күнінің қатысушылары барлық сұрақтарға толық жауаптар алып, өткізілген іс шараға белсенді қатысты.

Қайнар: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі