Павлодар облысының сот алқасы тағайындалған жазаны өзгерту туралы бірінші инстанция сотының қаулысын өзгертті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша сотталған Г.Боранбаевқа 43 300 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалған болатын. 2016 жылғы сәуірдің 07 күні Павлодар қаласының №2 сотының қаулысымен айыппұл түріндегі жаза  мүлкін тәркілеумен, 3 жыл мерзіміне мемлекеттік қызметте белгілі қызмет атқару құқығынан айырумен, жалпы тәртіптегі түзету коллониясында жазасын өтеумен 8 жылға бас бостандығынан ауыру жазасына ауыстырылды.

2016 жылғы маусымның 08 күні Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен айыппұл түріндегі тағайындалған жазаны бас бостандығынан ауыру жазасына ауыстыру туралы   Г.Борамбаевқа қатысты Павлодар қаласының №2 сотының қаулысы өзгертілді.

Г.Боранбаевқа айыппұл түріндегі тағайындалған жазаны мүлкін тәркілеумен, 3 жыл мерзіміне мемлекеттік қызметте белгілі қызмет атқару құқығынан айырумен, жалпы тәртіптегі түзету коллониясында жазасын өтеумен 4 жылға бас бостандығынан ауыру жазасына ауыстырылды.

Сот алқасының қаулысы 2016 жылғы  маусымның 14 күні сағат 15-те оның толық мәтіні жарияланғаннан кейін заң күшіне енді.

Бірінші инстанция сотымен жазаны ауыстыру кезінде Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотымен Г.Боранбаевқа ҚК 55 бабы қолданылғанын есепке алынбағанын  белгілеп өтеміз.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі