Павлодар облысының соттарында Астана күні мерекесіне орай шаралар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Качир аудандық сотында 04.07.2016 жылы «Қазақстан Республикасының астанасы - Астана» тақырыбына мамандардың қатысуымен шара өткізілді.

Осы шараға сот төрағасы М.Ә.Арапов, кеңсе меңгерушісі Д.Қ.Джумабекова, сот мамандары Л.В.Сахоненко, Л.Г.Крыштак, Т.З.Сүлейменов , Глазко А.А. қатысты.

Сот төрағасы М.Ә.Арапов қатысушыларды Қазақстан Республикасының Астанасы Күнімен құттықтады, және Мәжіліс бастамасымен (Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы) 2008 жылғы 25 маусымдағы №47-IV «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Астана Күні бекітілгендігін айтты.

Осы мереке заң шығарушылардың ойы бойынша, халық үшін өте үлкен тарихи-мәдениеттік маңызы бар және Қазақстан Республикасы жетістіктерінің рәмізі болып табылады.

Шара Астана қаласында болатын мереке күніне арналған шараларды талқылаумен аяқталды.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Астана күніне арналған жиналыс өткізілді.

Төраға Г.Қалдаров сот қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Қазақстанда 6 шілде күні 2008 жылғы 25 маусымының Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мемлекеттік мерекесі – Астана күні тойланады. Осы мереке халыққа өте маңызды тарихи-мәдениетті мағыналы және Қазақстан Республикасының жетістіктерінің символы болып саналады. Ол елдің жаңа тарихында қазақ халқының жетістіктерінің бейнелеуге үнделген.

Қазақстанның астана күні мерекесіне байланысты, Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьялардың қатысуымен дәріс өткізілді.

Судья Е.М. Кожабергинов мерекенің құрылу тарихы туралы баяндады. Бұл мейрам халыққа тарихи-мәдениеттік маңызы бар және Қазақстан Республикасының жетістіктерінің белгісі екенін айтты. Дамушы, жас, жетілуші астана, жасампаздықтың, өрлеудің, шығармашылықтың нышаны болып табылады.

Сонымен қатар, Астана күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұған күнімен ұштастырылған. Бұл күні Қазақстанның астанасында әр-түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

Қортындылай келе, судья баршаңызға өз елін құртметтеуді және Қазақстанның өркендеуі үшін мүмкіндігінше барін жасауға тілек білдірді.

Астана күніне қарсы Шарбақты аудандық сотының ұжымы Абай Құнанбаев атындағы мектепте орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кабинетіне барып қайтты.

Сот мамандары Президенттің өмірбаянымен, Республикамыздың басшысы болып тұруымен, біздің мемлекетті дүние жүзіне мойындатқан осы уақытты жасаған қызметімен танысты.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі