Павлодар облысының соттарында кадрлық өзгерістер орын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Павлодар облысының судьялар корпусына жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.

Іс-шараға облыстық және қалалық соттардың судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы, облыс әкімі Аппаратының басшысы, сондай-ақ облыстық және қалалық прокуратураның өкілдері қатысты.

Елбасының 2017 жылғы 14 маусымдағы Жарлығына сәйкес азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына бұдан бұрын Батыс-Қазақстан облыстық сотында ұқсас лауазымды атқарған Бақытбек Бегалиев тағайындалды.

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов әріптесін құттықтай отыра, Б.Бегалиев заң мамандығы бойынша 30 жылдан аса еңбек өтілі бар екенін және оның тең жартысын судья лауазымында атқарғанын атап өтті. Алматы облысының әділет Басқармасының басшы лауазымдарын атқарған, әр жылдары Батыс-Қазақстан облыстық соты алқасының төрағасы болып қызмет атқарған. Жоғары білікті маман және дарынды басшы болып табылады.

Осы Жарлықпен Павлодар облыстық сотының судьясы лауазымында қалдырумен азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Алмас Күзеков атқарған лауазымынан босатылды.

Облыстық соттың төрағасы А.Күзековтың сот төрелігін іске асырудағы жоғары деңгейі мен кәсіпқойлығын атап өтіп: «Алмас Сайпиұлының судья лауазымында жұмыс өтілі 25 жыл құрайды, оның 5 жылын азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы лауазымында қызмет атқарды. Облыс судьяларының ең тәжірибелі судьяларының бірі болып табылады, қатал, түбегейлі, көп судьялар үшін үлгі», - деп айтты.

Павлодар қаласы №2 сотының төрағасы Қайырбек Елемесов Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды, Марат Рымбаев Павлодар қаласы №2 сотының судьясы лауазымынан босатылуымен облыстық соттың судьясы лауазымына тағайындалды; Хамит Срайылов Шарбақты аудандық соты төрағасы лауазымынан босатылып, сол соттың судьясы лауазымына тағайындалды; Құдабай Сұлтанов - Павлодар облысы Лебяжі аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатылуымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы; Марат Дәйкенов - Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы лауазымынан босатылуымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы; Әлия Сейілғазинова - Шығыс-Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатылуымен Екібастұз қалалық сотының судьясы, Бақытбек Дәуітов – Баянауыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.

Іс-шара соңында М.Смағұлов барлық тағайындалған судьяларға сот төрелігін сапалы іске асыруға, үстемдік үшін Заңға қызмет жасауға, және де азаматтардың сотқа сенімін нығайту үшін талпынуға тілек білдірді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі