Павлодар облысының Ювеналды соттың судьялары марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

2017 жылғы 16 тамызда «Павлодар облысының ішкі істер департаменті» ММ-нің жергілікті полиция қызметінің басшылығы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылуының бес жылдығына орай, кәмелетке толмағандардың арасында қадағалаусыздық пен панасыздық, құқық бұзушылықты алдын алу ісінде мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуін нығайтуда, бала құқығын қорғау саласында сот төрелігін қамтамасыз еткені үшін Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары М.Дәйкеновты, М.Иванованы, Ғ.Рахматулинаны және соттың кеңсе меңгерушісі Г.Жанабекованы салтанатты түрде алғыс хаттармен марапаттады.

«Сіздер кәмелетке толмағандардың арасында қадағалаусыздық пен панасыздық, құқық бұзушылықты алдын алу ісінде мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуін нығайтуда зор күш салдыңыздар. Сіздер ювеналды полиция қызметкерлері үшін де оқыту семинарларының, мәжілістерінің жаңа және мағыналы нысандарын енгіздіңіздер. Мектеп оқушылары үшін Сіздермен кездесу өткізу маңызды болып қалуда. Сіздер әрқашан да кәсіби және нәзік қамқорлықпен процестер жүргізесіздер, сот отырыстарында бала сот оны тындап, түсініп әділ шешім қабылдайтынын ұғынып, өзін қорғалған, жайлы сезінеді» - деп алғыс хаттарда көрсетілген.

Қайнар: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі