Павлодарда «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» облыстық деңгейдегі конкурсы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде облыс соттарының мамандары арасында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» атты конкурс Павлодар облыстық сотында өтті. Қазылар алқасының құрамына Павлодар облыстық сотының судьясы Бахтияр Насирдинов, Судьялар Одағы Павлодар филиалының төрағасы Нұролла Есенжолов, «Ана тілі» мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі облыстық орталығының директоры Шолпан Кинжикова, мемлекеттік тілді дамыту бойынша облыстық соттың бас маманы Әсемгүл Агубаева кірді.

Конкурсқа барлығы он бір маман қатысты. Конкурс үш кезеңді қамтыды: мемлекеттік және жеке заң ұйымдарға жіберілетін қызметтік, ресми хаттарды аудару; сот актілерін аудару; сот отырысындағы суырып салма диалогы.  

Қойылған міндеттерді бәрі сәтті орындады. 

Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша бірінші орын – Май аудандық сотының бас маманы Мейрамгүл Білтаева, екінші орын – Баянауыл аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Жансұлу Диманова, үшінші орынды Качир аудандық сотының аға сот приставы Тұрсынбек Сүлейменов пен Павлодар қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Ләззат Истаева иеледі.

Іс-шара соңында қазылар алқасының төрағасы барлық конкурс қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі