Полицейдің бет жағынан жұдырықпен соққы жасаған, Павлодар облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының №2 сотында билік өкіліне зорлық көрсету фактісі бойынша 1993 жылы туған Павлодар облысының тұрғыны М.Жунусовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылғы ақпан айында Павлодар қаласының ІІД ЖППБ полицейі қаланың вокзал маңайын патруль жүргізу уақытында орталық радиоэфирден осы маңайда алкогольдік мас күйінде тұлға жүргендігі туралы хабарлама келіп түсті. Вокзал маңайының жанында М.Жунусовты тауып, полицей осы ауданда орналасқан стационарлық бекет үй-жайына жүруін өтінді. Полицейдің заңды талабына М.Жунусов бекет үй-жайына жүрді. Бірақ, одан кейін оны бекет үй-жайына әкелгендігіне өзінің наразылығын көрсетіп, полицейдің қызметтік міндеттерін орындауда жүргенін біле тұра, М.Жунусов қасақана полицейді бет жағына жұдырықпен соққы жасап, өмірі мен денсаулығына қатерлі емес, зорлық көрсетті.

Сот жазаның шарасы мен түрін тағайындау кезінде жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, айыпталушының жеке басын есепке алды. Қылмыстық жауапкершілікті және жазаны жеңілдететін мән-жайлар ол кінәсін мойындау, жасаған ісіне шын көңілден өкіну, сондай-ақ жастық шағы болып келеді.   

Сот үкімімен М.Жунусов ҚК 380-бабының бірінші бөлігіне көзделген  қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған бүкіл мерзімге пробациялық қадағалауды белгілеумен, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Павлодар қ.№2 сотының баспасөз қызметі