Шарбақты аудандық сотында Шарбақты ауданының прокурорының қатысуымен жергілікті полиция өкілдерімен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шарбақты аудандық сотында Шарбақты ауданының прокурорының қатысуымен жергілікті полиция өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттаманы толтыру және «Сот кабинеті» сервисі арқылы материалдарды сотқа жолдауда кезінде туындайтын сұрақтарды талқылады.

Шара соңында сот төрағасы істерді қарау сапасын арттыру мақсатында аудандық ІІБ қызметкерлеріне сотқа жолданатын материалдарды дұрыс және сапалы ресімдеуге көңіл бөлуді атап өтті.

Қайнар: 
Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметі