«Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Успен аудандық сотымен «Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізіліп, қатысушылар «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңын қолданумен байланысты мәселелерді талқылады. Дөңгелек үстелге Успен аудандық сот төрайымы Г.Р. Мухаметкалиева, бас маманы Д.Чуприн, Успен аудандық прокуратурасының прокуроры М.Дебус, Успен аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Д.Евтеев, Успен ауданың ІІБ инспекторлар Р.Калыков және К. Шахманов қатысты.

Төрайымы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша орындалуға жіберілген сот актілерінің саны, уақытылы орындалуы туралы деректерді сотқа беру жөніндегі мәліметтерді келтірді. Төрайымы өз сөзінде, орындалуға жіберілген сот актілері бойынша салыстыру жүргізуге және орындалуы жөніндегі деректерді беруге қажет екендігіне сот орындаушылардың назарын аударды. Сондай-ақ, сотпен негізгі жаза ретінде айыппұл салынған екі қылмыстық іс бойынша уақытылы орындалмағанның талқыланды.

Іс-шара барысында, мемлекеттік бажды, сот шығындарын өндіру, мемлекеттің кірісіне мүлікті тәркілеу бөлігінде сот актілерін орындау кезінде туындайтын күрделі мәселелер қатысушылармен талқыланды.

 

Қайнар: 
Успен аудандык сотының баспасөз кызметі
Пікірлер мен ұсыныстар