Сот бір жастағы баланың құқығын қорғап қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 2017 жылдың 01 маусымда  О.Гришинаның  2015 жылы туған Ренатқа қатысты ата-ана құқығын шектеу туралы А.Потемкинге берген талабы қанағаттандырылды. Сотқа жүгінуге баланың әкесінің мінез құлқы, яғни бір жастағы баланың көзінше баланың анасын ұрғаны, ал одан әрі егер ол әкесіне ұлын көрсетпеген жағдайда көзін құртамын деп анасына қауіп төндіргені негіз болған. Баланың әкесі атына құқыққорғау органдарымен баланың өміріне қауіпті болып табылатын мінез құлқына жол берілмейтіні туралы көптеген қорғау нұсқаулықтары шығарылды. Сот жарыссөздерінде сөйлеген жауапкер талапкердің атына баланы тартып алу бойынша мәжбүрлі шараларға баратынын айтып, қатер төндірген. Сотпен тағайындалған сот психиатриялық сараптама тұжырымының нәтижесі бойынша жауапкердің ақыл-есінің дұрыстығы анықталған соң, сот зерттелген барлық дәлелдемелерді ескере отырып, жауапкердің әрекеттерінде кішкентай баланың өміріне қауіпті элементтердің бар екені туралы қорытындыға келіп, ата-ана құқығын шектеу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі