Сот істеріне сұранымды орындау бойынша сот мамандарымен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Төрелік» жүйесінде «Сот істеріне сұраным. Қолданушының нұсқаулығы» тақырыбына сот мамандарымен семинар өткізілді. 

Кеңсе меңгерушісі А.Аселкан сот мамандарына осы қолданушының нұсқаулығын мұқият зерделеп, жұмыста қолдану қажеттігін белгілеп өтті.       

Баяндамашы бас маман М.Малько сұраным бойынша тәртіпті, соның ішінде «Кіріс сұранымдары» бөлімін толық баяндап өтті. Баяндамашы істермен байлауды тексеру міндеттілігі туралы, шынайлығын тексеру қажеттілігі жөнінде, қажет жағдайда PDF электрондық форматында жеткіліксіз құжаттарды есеп карточкасына енгізу.

Сонымен қатар, баяндамашы сұраным түскен уақыттан бастап бір күннен аспайтын мерзімде белгіленген, сот істері сұранымының орындау мерзімі туралы еске салды.

Қайнар: 
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі