Сот орындаушының көлік жүргізу құқығын уақытша тоқтату туралы ұсынысы сотпен қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық соты мемлекеттік сот орындаушының Т. борышкерге қатысты жүргізуші куәлігін уақытша тоқтату туралы ұсынысын қарады.

Іс материалдарынан, борышкер Т.-тан кәмелетке толмаған қызы И.-ның пайдасына сот шешімімен алимент өндіріп алынған, нақты уақытта 2 419 271 теңге мөлшерінде   берешегі құрылды. Борышкер    берешекті өтеу бойынша төлемдер жүргізілмеуі салдарынан атқару парағы бүгінге дейін орындалмаған.

Сот актіні орындау барысында борышкерде  көлік жүргізу куәлігі бар  екені анықталды.

ҚР «Атқару  өндірісі  және  сот орындаушылардың  мәртебесі  туралы» Заңының  34 - бабына   сәйкес,    атқару  өндірі  250  АЕК-тен  көп  болған  жағдайда,  сот орындаушысы борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу сондай-ақ, борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыным жолдайды.

Іс материалдарын  зерделей  келе, сот мемлекеттік сот орындаушының ұсынысын қанағаттандырып, Т. борышкердің көлік жүргізу куәлігін уақытша тоқтатты.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі