Сот орындаушысы өзінің фукционалды міндеттеріне үстірт қарағаны үшін әділет Департаменті атында жеке қаулы шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы Железин аудандық сотының  қаулысымен азамат С. ӘҚБтК 669 бабына (сот шешімін орындамау) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 19 820 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

С. әкімшілік жауапкершілікке тарту негізі болып, 224500 теңге мөлшерінде Т.-ның пайдасына материалдық нұқсанды өндіріп алу туралы сот шешімін орындамау болып келді, ол жоғары тұраған инстанцияда шағымдалып өзгеріссіз қалдырылды.

Сот отырысында жауапкер жұмыс істейді,тұрақты табысы бар, сондайа-ақ оның шаруашылығы бар екені анықталды. Сонымен қатар,   сот орындаушымен тыйым салумен мүлікке тізімдеме жасалған, бірақ тізімделген мүлік орындаусыз қағаздың бетінде қалған.

Сот шешімін орындауындауға сот орындаушымен уақытылы шара қолданбауы құқық бұзушылық жасауға әкеліп, құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкелді.

Сот орындаушысы өзінің функционалды міндеттеріне үстірт қарағаны үшін алдағы уақытта ондай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында әділет Департаменті атына жеке қаулы шығарылды.

Жеке қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі