Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы ақпанның 14 –де Павлодар қалалық сотымен жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жою, заңсыз деп тану және қызметке қайта алу және лажсыз бос жірген уақытына жалақыны, моральды зиянды өтеп алу туралы Б.З.Байзелдиновтың «Павлодар облысының ішкі істер Департаменті» ММ-не, «Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі» ММ-не қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Б.З.Байзелдинов 2012 жылдың қыркүйегінде Павлодар облысының ішкі істер Департаменті бастығының бұйрығымен ол Павлодар облысының ішкі істер Департаментінің криминалды полиция Басқармасының бастығы болып тағайындалғандығы туралы дәлелді талап арызымен сотқа жүгінді.

Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының Павлодар облысы бойынша ішкі істер Департаментінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі бұйрығының көшірмесіне сәйкес полиция полковнигі Б.З.Байзелдинов ҚР ішкі істер органдарынан Қарулы Күштер запасына еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды.

Павлодар облысының ішкі істер Департаментінің криминалды полиция Басқармасының бастығы Б.З.Байзелдинов пен Павлодар облысы ішкі істер Департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Басқармасының бастығының орынбасары полиция подполковнигі Т.Т.Ешимов арасындағы жанжал жұмыстан шығарылуына негіз болды.

Істің барлық мән-жайын зерделеп, Павлодар қалалық соты арыздың талабын толық көлемде қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім шығарды.

Берілген іс бойынша сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, талапкермен жоғарыда көрсетілген сот шешіміне апелляциялық шағым берілді.

Қайнар: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі