«Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына сот төрағасы және қызметкерлер қатысты.

Сот төрағасы Н.Е.Есенжолов, семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы болып табылатынын атап өтті.

«Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына және мемлекеттік қызметшілердің жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтарының негізгі стандарттары белгіленді. Мемлекеттік ұйымдардағы әр қызметкер ҚР заңдарының принциптерін басшылыққа алулары, нормативтік-құқықтық актілерді мүлтіксіз орындаулары, әрі   сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне  қарсы тұра білулері тиіс.

Семинар қатысушылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын талқылады.

Қайнар: 
Пресс-служба Специализированного административного суда г. Павлодара