«Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық» тақырыбында семинар өтті.

Судья Д.Нұрсұлтанова семинарды сот қызметкерлеріне өткізді. 

Осы шараның қатысушылары сотқа құрметтемеушілік білдіру, ол сотқа қатысушылар сотқа келуден немесе өз мiндеттерiн орындаудан дәлелді себептерсіз жалтарғанда, сот мәжілісінде төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған жағдайда, сот мәжілісі кезінде тәртіп бұзған жағдайда, басқа да, сотқа айқын құрметтемеушілік әрекеттер болған жағдайдағы іс-әрекеттер үшін тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылу қарастырылғаны туралы талқылады.

Семинардың жүрісінде қатысушалар өзара пікірлерімен алмасты. Аталған тақырыптың мәселелері бойынша актуалды сұрақтар талқыланды.

Қайнар: 
Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі