Сотпен шаруашылық ауладан ұрлық жасауға қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен  ҚК-нің 24-бабының 3-бөлімі -188-бабы 2- бөлігі 3-тармағына (заңсыз кірумен ұрлық жасауға оқталу) көзделген қылмыс жасауда Ф.-ке қатысты қысқартылған тәртіпте қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 10 наурызында сотталушы Ф. түнгі уақытта азаматша А.-нің шаруашылық ауласынан қаз ұрлауға әрекеттенген, бірақ қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмай, қылмыс жасау орнында жәбірленушімен ұсталды.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен Ф. ҚК-нің 24-бабының 3-бөлімі – 188-бабы 2-бөлігі 3- тармағы бойынша айыпты деп танылып, оған мүлігі тәркілеумен 1 жыл мерзіміне бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі