Сотта жол жүру ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының № 2 сотында «көлiк құралын басқаратын адамның жол жүру ережесін бұзған салдарынан абайсыздан адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы» бойынша қылмыс жасауда Павлодар қаласының азаматшасына қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 1 - бөлімі 345 – бабы).

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 28 желтоқсан айында айыпталушы  өз көлігімен келе жатып, Павлодар қаласының Кутузов көшесінің №3 үйінде қарама-қарсы тұрған автобус аялдама белгісін қағып,  содан соң қоршаулы тұрған заборды, кейін автобус аялдамасын және аялдамада тұрған кәмелет жасқа толмаған қызды абайсызда қағып жіберіп,  денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiрілді.

Сот Х. ҚК 345 бабының 1-бөлігіне көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға нақты көлік жүргізу қызметімен айналасу құқығынан айырумен, 120 сағат мерзіміне дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметі