«Соттың мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым қатынастары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында соттың мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым-қатынастары мәселелері  бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға сотының кеңсе меңгерушісі М.А.Негметжанова, бас маман К.Б.Тулеуова және мемлекеттік сот орындаушысы С.Омаров қатысты.

Шара барысында соттың мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым-қатынастары барысында туындайтын мәселелер қозғалып, айыппұл өндіріп алу кезінде әуре-сарсаңға салмай, атқару құжаттарды негізсіз қайтаруға жол бермеу бағытында ой-пікір, ұсыныстармен алмасты.

Іс-шараның соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі