СУДЬЯ – МАЙДАНГЕР ҚАПСАМЕТ ҚАСЫМБЕКОВ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қапсамет Қасымбеков 1924 жылы 23 қазанда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауыл кеңесінің № 7 ауылында дүниеге келген. 1932 - 1942 жылдар аралығында Талдықорған облысы бөрлітөбе ауданы Қарашығанақ селолық советінің «Ульга» орта мектебінде оқыған. 1942 жылы майданға шақырылған. Бірінші Белоруссия майданының 290  полкінде № 186-ші атқыштар дивизиясының құрамында – танкілік пулеметтік есеп командирі болып шайқасқан.

Ұрыстарда көрсеткен ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының 1-ші дәрежелі орденімен және 17 медальмен марапатталған.

Қапсамет Қасымбековтың майдангерлік өмірбаяны 1945 жылы қаңтар айында аяқталған. Отан үшін шайқастардың бірінде Қапсамет Қасымбеков жарақат алып, әскерден босатылған. 1945 жылдың 21 қаңтарында Саратов қаласында арнайы дәргерлік сараптамадан өтіп – өмір бойы Ұлы Отан Соғысының 2-ші топтағы мүгедегі болып танылған. Кенес Әскерлерінің қатарынан босатылғанан соң 1945 және 1950 жылдар аралығында кенестік және комсомол органдарында түрлі қызметте істеген. 1951 жылдан 1955 жылға дейін Бүрлітөбе аудандық комсомолдар комитетінің жұмыстар ұйымдастыру бөлімінің кеңсе менгерушісі болып қызмет атқарған.

1953 жылы Алматы калалық заң мектебінде оқыған. Осы мектепті тәмәмдаған соң Павлодар облысына тың игеруге жолданған, осы облыста 1958 жылға дейін Павлодар облысы Май аудандық прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған. Содан соң 1960 жылға дейін Павлодар облысы Май аудандық комитеттік партиясының нұсқаушысы болып қызмет атқарған. Осы жылдары Қапсамет Қасымбеков С.Киров атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетін бітірген.

1960 және 1963 жылдар аралығында Май аудандық сотының халық судьясы болып қызмет атқарған 1963-1965 жылдар аралығында Май және Ермак аудандарының бірігуіне байланысты Ермак аудандық сотының төрағасы болып қызмет атқарған.

1965 – 1976 жылдар аралығында Май аудандық сотының халық судьясы болып жұмыс атқарған. 1976 жылдан бастап 1980 жылға дейін Сарқа аудандық халық сотының судьясы болған. 1980-1984 жылдар аралығында Сарқа аудандық халық сотының төрағасы болып қызмет атқарған.

Қазақстанның КП-ның мүшесі болып бірнеше рет тағайындалған.

36 жыл бойы қатарынан аудандық кеңестің депутаты болып сайланған.   

Жұбайы Казкен Кәрім қызы Шыныбаевамен 7 бала тәрбиелеген. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласында тұрады.

Қайнар: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі