Тапсырыс бойынша адамның өмірін қиғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының сотталушы О.Б.Мейрамбаевқа қатысты сот үкімін күшінде қалдырды.

Мамандандырылған сот алқа билерінің айыптау шешімі негізінде О.Б.Мейрамбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96 бабы 2 бөлігі «е», «ж» және «з» тарауларымен мүлкін тәркілеп, он бес жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу түрінде үкім шығарған болатын. Алайда сотталушы және оның адвокаты сот үкімімен келіспей, апелляциялық арыз жазған.

Алқа билерінің айыптау шешіміне сәйкес сотталушы Р.Ш.Жуматаевты жалданып, топтың алдын ала сөз байласу арқылы көпшілік адамдарға қауіп төндіру әдісімен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Бұған дейін бұл қылмыстық іс бойынша С.Мухантаев сотталған, қазіргі уақытта ол бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеуде.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі